Астана қаласы әкімдігінің «№ 47 балабақша-мектеп-гимназия» Кешені» - Қазақстан Республикасы және Орта Азиядағы украин тілі мен әдебиетін оқытатын жалғыз оқу орны. Мектептің миссиясы – «Мектеп – бұл балаларға қуаныш, мұғалімдер үшін шығармашылық, ата-аналар үшін тыныштық және мемлекет үшін мақтаныш үйі.»
Негізгі міндеттері:
- Педагогикалық бастамаларды дамыту, біліктілікті арттыру жәнее инновациялық қызметке ыынталандыру үшін коллаборативті орта құру;
- Білім алушыларда өздігінен білім алу және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау;
- Әлеуметтік әріптестік арқылы қосымша қызметтердің қол жетімділік шекарасын кеңейту;
- Білім беру үрдесін ақпараттық-технологиялармен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық жабдықтау.
Біздің гимназия кіші Ассамблея сияқты, онда әртүрлі этоностардың 15 өкілінің балалары оқиды, толерантты қоғам, қазақстандық отаншылдық, бір-біріне достық қарым-қатынас қағидаттарын дамытады, және бұл біздің мектебіміздің алғашқы міндеттерінің бірі болып табылады. Біздің мерекелік іс-шарларымыздың тұрақты қонақтары – Украина, Израиль, Франция Елшіліктерінің өкілдері.
Болашақ бізге әдеттегіден гөрі жақын, ол өте жақын: жылайды, күледі, сұрақ қояды, сізді мұнайтады, қуантады, жауап іздейді. Бұл Болашақ – балаларымыз!