Мектебімізде «Адал ұрпақ» еріктілер клубының ұйымдастыру жиналысы өтті. Кездесуде клубтың мақсаты мен негізгі жұмыс бағыттары талқыланып, алдағы іс-шаралар жоспары құрылды.
Жиналыста оқушылар арасында адалдық, әділдік пен жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысу мәселелері қарастырылды. Клуб мүшелері өз ұсыныстарын ортаға салып, жоспарланған жұмыстарды ұйымдастыруға қатысты міндеттерді бөлісті.
Алдағы уақытта тақырыптық кездесулер, танымдық іс-шаралар мен еріктілік бастамаларын өткізу, «Таза Қазақстан» аясындағы тазалық жұмыстарына атсалысу жоспарланды.
Адалдық — күнделікті ісімізден басталады. Бірге ой бөлісіп, бірге әрекет етіп, қоғамға пайдалы іс жасауға ұмтыламыз!
«Айбынды елдің ұланы, адал болу — ұраны!»
#АдалҰрпақ #АдалАзамат #ЕріктілерКлубы #Адалдық








