Бүгін: 22.11.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мектебімізде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушылары арасында «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылып, оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ерте жастан тәрбиелеу және азаматтық ұстанымдарын дамыту.

Байқауға қатысқан оқушылар өз суреттері арқылы адал қоғам, әділдік, парасаттылық және жемқорлықсыз болашақ туралы ойларын шығармашылықпен жеткізді.

Көрмеге қойылған әрбір сурет – жас ұрпақтың адалдық пен әділдікке деген көзқарасының жарқын көрінісі.

Адал ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!