Бүгін: 30.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

5-9 желтоқсан аралығында мектебімізде қоғамдық- гуманитарлық пәндер апталығының ашылуы болды.Аптаның әр күні белгілі бір пәнге арналды. Қасиетті бейсенбіде - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жоспарланған іс- шаралар өткізілдіі.

Бұл күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Майкенова В. М.,Қазбекова Н. Т. шебер - сыныптар, сыныптан тыс зияткерлік - танымдық ойындар, интерактивті үзілістер, дөңгелек үстел өткізді.Осы жылғы мерейгер ақын - жазушыларымыздың суреттері ілініп, шығармалары бойынша тапсырмалар жасалды. Екінші қабырға тәуелсіздік мерекесі қарсаңында "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбына байланысты безендірілді.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар конверттерге салынып, мұғалімдер ұжымына да тапсырмалар дайындалды.