2024 жылдың 19 сәуірінде Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері педагог-психолог Рустимова Майра Абдухамитовна «Ата-ана мен жасөспірім - табысты коммуникация» тақырыбында ата-аналарға арналған семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингтің мақсаты-ата-аналар мен балалар арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, жасөспірімнің ерекшеліктері мен дағдарыстардан шығу жолдары туралы ақпарат беру.
Тренинг қатысушыларына табысты қарым-қатынас туралы бейнероликтер көрсетілді, қосымша ақпарат алу үшін әдебиеттер ұсынылды. Сондай-ақ, қаламыздың бес ауданындағы «Психологиялық-консультациялық көмек көрсету кабинеттерінде» тегін кеңес алу мүмкіндігі туралы толық ақпарат берілді. Ата-аналар өзекті қоғамда болып жатқан жасөспірімдерге қатысты мәселелер туралы пікір алмасып, қажетті ақпаратты ала алды, сондай-ақ балалармен сенімді қарым-қатынасты жақсарту бойынша ұсыныстар алды.
https://www.facebook.com/100014255025436/videos/1455633565027602/