Барлығын оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз! Емтихандарды сәтті тапсырып, жақсы демалыс тілейміз!
Мектепті, балам, бітірдің,
Самғатты қиял ғарышқа.
Қанаты арман құсының
Апарсын сені алысқа.
Кешегі шәкірт бала едің,
Қарайсың бүгін жігіт боп.
Шарлаған арман әлемін,
Шыңдарға шыңнан биіктеп.
Отаның сипап маңдайдан,
Аямас сенен жақсысын.
Ізде, тап, қиыр - шалғайдан
Еліңе қажет бақ құсын.
2024 жылдың 28 мамырында қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Семенова Александра мен Марьин Владимирден құралған біздің «Көшбасшы» командасы кейстерді 4 раундта лайықты түрде ұсынды. Финалға шығу мүмкіндік болмады, бірақ үлкен тәжірибе жиналды. Алда, тамызда аудандық, содан кейін қалалық кезеңдер команданың республикалық турнирге қатысу мәселесін шешетін пікірталас . Біздің пікірсайысшыларға тамаша демалыс және жаңа күштермен күрес тілейміз! Тек алға!