Жаз - 2024: демалысты қалай қауіпсіз және тиімді өткізуге болады?
Балаларда жазғы демалыс мәдениетін қалыптастыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрлігі «Сіздің қызықты жазыңыз» атты Guidebook әзірледі.
Әдістеме тоғыз бөлімнен тұрады: «Кітаппен жаз», «Сіздің қауіпсіз жазыңыз», «Танымдық жаз», «Ссалауатты әдеттер жазы», «Жазда - өнердің қызықты әлеміне», «Жаз-өзін-өзі дамыту уақыты», «Жазғы жеке күнделік», «Өз қолыңызбен жазғы сыйлық», «Жазғы ойын кітабы», сондай-ақ барлық жедел қызметтердің нөмірлері.
«1-4, 5-9, 10-11 сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, «Сіздің қызықты жазыңыз» guidebook үш нұсқасы әзірленді. Әр бетте оқушыны көрсетілген тақырыптарға батыратын QR кодтары бар.
Бұдан басқа, онда орталық мемлекеттік органдар бекіткен балалардың жазғы сауықтыру орталықтарының тізбесі орналастырылған», - деп атап өтті Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Стэлла Ибраева.
U «Сіздің қызықты жазыңыз" Guidebook электронды нұсқасы ҚР Оқу ағарту министрлігінің, Өңірлік білім басқармаларының, сондай-ақ білім беру ұйымдарының ресми сайттарында қолжетімді. Жазғы кезеңде еліміздегі оқушылардың 92% - ы демалыспен және жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.