Бүгін: 29.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

19 маусым күні сабағымыз оқушылармен әдеттегідей таңғы жаттығудан басталды.

Сабақ барысында оқушылар екі топқа бөлініп "Әріптер еліне саяхат" жасады, бұл тапсырманы орындағанда, балалар дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратып, өз мысалдарын келтірді. Мақсаты- қазақ тіліне тән дыбыстарды ажырату, мысал келтіру, дұрыс айта білу. Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталағаннан кейін, “Жабайы аңдар мен үй жануарлары” тақырыбы бойынша сабақ өтті. Оқушылар белсенді түрде диалогқа, сұхбатқа түсті, өз ойларын қазақ тілінде жеткізді.

Мақсаты: Сөздік қорды жаңа сөздермен толықтыру, өз пікірін жеткізе білу, жануарлардың пайдасын айту, сөйлем құрастыру, карточка арқылы өз ойларын көршісіне жеткізу.