АИТВ-инфекциясы және ЖИТС проблемасы туралы хабардар болу деңгейін арттыру, салауатты өмір салтына оң көзқарасты қалыптастыру мақсатында медицина қызметкері, АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемологы А. А. Ыдырысова № 47 мектеп-гимназиясының оқушыларына "АИТВ-инфекциясының алдын алу" тақырыбында дәріс өткізді. Ол жұқтыру жолдары, АИТВ-инфекциясының алдын алу шаралары туралы айтты.
Кездесу қызықты өтті және балалар үшін үлкен тәрбиелік мәнге ие болды.