Бүгін 3 «Б» сыныбы оқушылары арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қазақ тіліне деген қызығушылығын ояту мақсатында «Қызықты қазақ тілі әлемі» атты интерактивті үзіліс өтті! Бұндай үзілістер оқушыларға тілді тереңірек үйренуге, білімдерін сынақтан өткізуге және топпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Сынып 3 топқа бөлініп, әрбір топ өз шапшаңдығын, шығармашылығын және қазақ тілінен білімін көрсете білді. Жарыс сөздік қорларын байыту, жоғалған әріптер, суретті сипаттау сияқты қызықты форматта ұйымдастырылды.