Бүгін: 13.12.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары және «№47 мектеп-гимназиясы» КММ директорының бұйрығы негізінде жұмыс тобының келесі мүшелерімен ішкі талдау жүргізілді:

- Брусевич Т.А. – мектеп-гимназия директоры

- Рассохина Т.Н. – оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары

- Әбжан Ш.Б. – оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары

- Яковлева Н.И. – әлеуметтік педагог

- Тулебаева Д.А. – бас бухгалтер

- Батталова Б.С. – іс жүргізуші

- Жұмашова А.М. – «Адал ұрпақ» клубының жетекшісі

Ішкі талдау нысаны – КММ «№47 мектеп-гимназиясы» қызметі.

1. Заңнамадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

КММ «№47 мектеп-гимназиясы» өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Президент пен Үкімет актілеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. Мекеме 2024 жылғы 18 қазандағы мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік (БСН 930840000268) және Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік лицензиясы негізінде жұмыс істейді.

2. Персоналды басқару қызметін зерделеу

2025 жылғы 23 қазандағы жағдай бойынша қызметкерлер саны – 60 адам (оның ішінде 4 адам бала күтіміне байланысты демалыста). Тізімдік құрамдағы мемлекеттік қызметшілер саны – 40 адам.

2025 жылдың басынан бастап 19 қызметкермен еңбек шарты тоқтатылды: 15 – қызметкердің бастамасымен, 2 – мерзімі аяқталуына байланысты, 2 – тараптардың келісімі бойынша.

Жұмысқа қабылдауда аффилиирленген тұлғалар мен мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

Барлық қызметкерлер Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің «Ақпараттық сервис» базасы арқылы тексеруден өтті.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын және «Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асыру мақсатында мектепте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және антикоррупциялық мәдениетті қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіледі.

Жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету қызметін зерделеу

- Жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау және құжаттарды қабылдау – 57 оқушыға қызмет көрсетілді.

- Орта және жалпы орта білім туралы құжаттардың көшірмелерін беру – сұраныс болмады (0 рет).

- Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт мектепке келе алмайтын балаларға үйден тегін жеке оқыту ұйымдастыруға құжаттарды қабылдау – 2 оқушыға қызмет көрсетілді.

- Белгілі санаттағы оқушыларға тегін және жеңілдетілген тамақ ұйымдастыру – 2024–2025 оқу жылында 3 оқушы, 2025 жылдың қыркүйегінен бастап – 2 оқушы.

- Аз қамтылған отбасылардың балаларына жазғы лагерьлерде демалыс ұйымдастыру – 1 бала «Балдаурен» лагерінде демалды.

- Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау – 2 мұғалімге қызмет көрсетілді.

Мектеп әкімшілігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және мерзімін сақтау бойынша тұрақты бақылау жүргізеді.

Қызмет көрсету мерзімін бұзу, артық құжат талап ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Анықтама 2025 жылғы 25 қыркүйекте педагогикалық кеңесте қаралды.

4. Бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру қызметін зерделеу

Оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру мақсатында ішкі бақылау жоспары жасалып, бекітілген. Тексеру нәтижелері актілермен рәсімделіп, әкімшілік кеңесте және директор жанындағы отырыстарда қаралады. Нәтижелер ата-аналарға да жеткізіледі.

5. Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

2025 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары 2025 жылғы 5 қаңтардағы №1 бұйрықпен бекітілді. Мемлекеттік сатып алу келесі тәсілдермен өткізілді:

- ашық конкурс – 4,

- баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 77,

- бір көзден сатып алу – 15,

- электрондық дүкен арқылы – 39.

Аффилиирленген тұлғалар мен бұзушылықтар анықталған жоқ.

Мемлекеттік сатып алу ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына және ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығына сәйкес жүргізілді.

Барлық сатып алулар веб-портал арқылы электронды форматта жүзеге асырылады, бұл жеткізушімен тікелей байланысты болдырмайды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

Мектеп сайтының «Мемлекеттік сатып алу» бөлімінде 2025 жылға арналған қаржыландыру жоспары мен жасалған шарттар туралы ақпарат орналастырылған.

6. Өтініштерді қарау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

«Мектеп қауіпсіздік тобы туралы ережеге» сәйкес, КММ «№47 мектеп-гимназиясында» ақпараттық баннер, «111» сенім телефоны, сондай-ақ фойеде сенім жәшігі бар. Әкімшіліктің жеке тұлғаларды қабылдау кестесі бекітіліп, көрнекі жерде ілінген.

Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері туралы аналитикалық анықтама мектеп сайтына орналастырылған.


Директор:                                           Т.А. Брусевич

Жұмыс тобының мүшелері:

- Т.Н. Рассохина                                                     – директордың орынбасары

- Ш.Б. Әбжан                                                         – директордың орынбасары

- Н.И. Яковлева                                                      – әлеуметтік педагог

- Д.А. Тулебаева                                                    – бас бухгалтер

- Б.С. Батталова                                                      – іс жүргізуші

- А.М. Жұмашова                                                   – «Адал ұрпақ» клубының        жетекшісі